ЖЖолбарыстың табиғаттағы тіршілігі қалай бақыланады?
Үміттің табиғаттағы жаңа өмірі жалғасуда. Оның жаңа мекенге бейімделуі мен белсенділігі мамандардың тұрақты бақылауында.
Үмітті бақылау бірнеше бағыт бойынша жүргізіледі: GPS-мониторинг Жолбарыстың қозғалысы қашықтан бақыланып, мамандарға оның белсенділігі туралы маңызды деректер алуға мүмкіндік береді.
Далалық бақылау Мамандар іздер мен басқа да табиғи белгілерді зерттеп, Үміттің қоршаған ортамен әрекеттесуін бақылайды. Фототұзақтар Арнайы камералар жолбарыстың табиғи ортадағы тіршілігі мен мінез-құлқы туралы қосымша ақпарат алуға көмектеседі.
Үміт тоғайлы аумақтарды, су маңын және жабайы жануарлар мекендейтін табиғи ортаны зерттеп, жаңа мекеніне біртіндеп бейімделіп келеді. Оның қозғалысы, белсенділігі мен мінез-құлқы туралы алынған мәліметтер мамандарға бейімделу процесін бағалауға мүмкіндік береді.
Үміттің табиғаттағы жаңа өмірі мамандардың жіті бақылауында.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/forest/press/news/details/1275353?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау