Қазығұрт ауданының әкімі Азизхан Исмаилов бекітілген жұмыс кестесіне сәйкес аудан тұрғындарын жеке қабылдады. Қабылдауға аудан әкімінің орынбасарлары, дербес бөлімдердің басшылары және ауылдық округ әкімдері қатысты.
Жеке қабылдауға Қазығұрт, Алтынтөбе, Жаңабазар және Қарақозы Абдәлиев ауылдық округтерінің тұрғындары қатысып, өздерін толғандырған әлеуметтік және инфрақұрылымдық мәселелер бойынша өтініштерін жеткізді.
Тұрғындар тарапынан ауыз сумен қамту, әлеуметтік көмек алу, тұрғын үй мәселесі, жұмыспен қамту, үй іргелік жер телімдері, электр жарығымен қамтамасыз ету, көшелерге жарықтандыру жүйесін орнату мәселелері көтерілді. Сонымен қатар, «Ағабек ата» және «Қ.Мамбет» көшелерінің қиылысындағы көпірді жөндеу, Қызылдала елді мекенінің ішкі көшелеріне асфальт төсеу жөнінде де нақты ұсыныстар айтылды.
Аудан әкімі әрбір тұрғынның өтінішін мұқият тыңдап, мәселелердің шешілу жолдары бойынша қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкес түсініктеме берді. Бірқатар мәселелер бойынша жауапты бөлімдер мен ауылдық округ әкімдеріне зерделеу жұмыстарын жүргізіп, нақты шешу жолдарын қарастыру жөнінде тапсырмалар берілді.
Әсіресе, тұрғындардың күнделікті өміріне тікелей әсер ететін ауыз су, жол, жарықтандыру, электр энергиясы және әлеуметтік мәселелердің шешілуіне басымдық берілетіні атап өтілді.
Қабылдау қорытындысы бойынша аудан әкімі Азизхан Әзімханұлы жауапты сала басшыларына берілген тапсырмалардың сапалы әрі белгіленген мерзімде орындалуын қамтамасыз етуді және әрбір өтініштің нәтижесін бақылауда ұстауды тапсырды.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-kazygurt-audany/press/news/details/1274853?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау