Абай облысының Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасының (МСҚБ) басшысы Сайлаугалы Байназаров техникалық қадағалау есептерінің сапасына және нысандарда құрылыс нормаларының сақталуына ерекше назар аударды.
Оның айтуынша, кейбір есептер өрескел заң бұзушылықтармен ұсынылады. Мониторинг барысында анықталған құрылыс-монтаж жұмыстары (ҚМЖ) бойынша бұзушылықтар көбіне есептерде көрсетілмейді немесе деректер бұрмаланып толтырылады. Бұл өз кезегінде елеулі салдарға әкелуі мүмкін.
– Бір нөмірмен, бірақ әртүрлі нысандар бойынша алты есеп ұсынылған. Құрылыс-монтаж жұмыстары бойынша заң бұзушылықтар анық байқалады, оларды тексерудің өзі қажет емес. Құдықтар оқшауланбаған, блоктарды қалау жұмыстары сапасыз орындалған. Оның үстіне, бұл – мемлекеттік тұрғын үйлер. Жауапкершілікке тарту қажет. Егер жыл басынан бері құрылыс нормаларын бұзғаны үшін құрылыс-монтаж жұмыстары бойынша 54 әкімшілік жаза қолданылып, жалпы сомасы 35,2 млн теңгені құраса, техникалық қадағалаудың 27 сарапшысына қатысты 13 әкімшілік іс қозғалған, істерді қарау қорытындысы бойынша 4 компания мен 9 сарапшы әкімшілік жауапкершілікке тартылып, жалпы сомасы 9,6 млн теңге көлемінде айыппұл салынды, – деп атап өтті Сайлаугалы Байназаров.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay-inspection/press/news/details/1276155?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау