«АЙТЫЛДЫ — ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛУДА»

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Жаңа тротуарлар — жайлылық пен қауіпсіздік

2026 жылы жалпы көлемі шамамен 6 000 м² тротуарды абаттандыру көзделген: Шахтинск қаласында — 5 000 м², Долинка кентінде — 703 м².

Шахтинск қаласында қазірдің өзінде шамамен 3 580 м² тротуар абаттандырылды:

— Парковая көшесі — «Наргиза» мейрамханасынан аялдамаға дейін;
— Карл Маркс көшесі — Абай даңғылынан Станционная көшесіне дейін;
— №3 мектепке дейін;
— «Ботагөз» балабақшасына дейін;
— Виктор Хара көшесіндегі аула аумағында — тоғыз қабатты үйден «Сапфир» дүкеніне дейін.

Долинка кентінде жұмыстар 100% толық көлемде орындалды.

Жұмыстар жалғасуда — қаланың басқа учаскелерінде де жаңа тротуарлар салынып жатыр:

— №6 мектепке дейін;
— «Қарлығаш» балабақшасына дейін;
— Спортивная көшесінде — Карл Маркс көшесінен Торговая көшесіне дейін;
— тұрғындардың өтініштері бойынша 26 және 31-кварталдардың жекелеген учаскелерінде.

 

Шахтинск қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda-shahtinsk/press/news/details/1275974?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version