Алакөл ауданында жаңа оқу жылына дайындық аясында дәстүрлі Тамыз кеңесі өтті.
Жиынға Алакөл ауданының әкімі Әбдинов Алмас Сапарғалиұлы қатысып, педагогтер қауымын жаңа оқу жылының басталуымен құттықтады. Аудан әкімі ұстаздардың жас ұрпаққа сапалы білім мен саналы тәрбие берудегі еңбегіне тоқталып, алдағы оқу жылына сәттілік тіледі.
Кеңес барысында өткен оқу жылының қорытындылары сараланып, білім беру сапасын арттыру, педагогтердің кәсіби әлеуетін дамыту және жаңа оқу жылындағы басым міндеттер талқыланды.
Ибраимов Есет Сәдуақасұлы білім саласындағы жетістіктер туралы баяндама жасады.
Шара аясында білім беру саласында жоғары нәтижелер көрсетіп, шәкірт тәрбиесіне елеулі үлес қосқан үздік ұстаздар марапатталды.
Ұстаз еңбегі – ұрпақ болашағына бағытталған маңызды қызмет. Білім сапасын арттыру, педагог мәртебесін нығайту және оқушыларға сапалы білім мен саналы тәрбие беру – ауданның басты басымдықтарының бірі.
Жаңа оқу жылында барша ұстаздарға шығармашылық, табыс, кәсіби жетістік, ал оқушыларға толағай білім мен биік белестер тілейміз!
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-alakol-kabanbai/press/news/details/1275578?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау