Алматыда өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы бақылау күшейтілді

Жарияланды:

Автор:

категорияда

   Aлматы қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің Өнеркәсіптік қауіпсіздік басқармасы қала аумағындағы қауіпті өндірістік нысандарда жоспарлы тексеру жұмыстарын жүргізді. Инспекторлардың негізгі назарында қысыммен жұмыс істейтін ыдыстар мен жабдықтардың жай-күйі болды. Аталған іс-шараның басты мақсаты – өндірістік жарақаттанудың алдын алу, жабдықтардың техникалық ақауларын уақтылы анықтау және өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы заңнама талаптарының сақталуын қамтамасыз ету. Тексеру барысында мамандар қондырғылардың техникалық жарамдылығына, олардың паспорттық деректерінің сәйкестігіне және пайдалану ережелерінің бұзылмауына жіті талдау жасады.

   Өткізілген техникалық куәландыру нәтижелері бойынша жабдықтарды қауіпсіз пайдаланудың маңыздылығы атап өтілді. Инспекторлар өндіріс орындарының басшыларына қауіпсіздік техникасын сақтау, персоналды оқыту және техникалық құжаттаманың уақтылы жүргізілуі бойынша қажетті нұсқаулықтар берді.

    Төтенше жағдайлар департаменті мұндай тексерулердің тұрақты негізде жүргізілетінін және өнеркәсіптік қауіпсіздік ережелерін бұзған нысан иелеріне қатысты заңнамаға сәйкес шаралар қолданылатынын ескертеді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kpb/press/news/details/1275656?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version