Словакияның Братислава қаласында өтіп жатқан грек-рим күресінен U20 әлем чемпионатында ақтөбелік балуан Қазыбек Қалмағамбетов 67 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде алтын медаль жеңіп алды.
Қазыбек жарыс барысында қарсыластарын сенімді түрде жеңіп, финалға дейін сүрінбей жетті. Шешуші белдесуде Беларусь өкілі Михаил Маркоускимен кездесіп, 13:7 есебімен жеңіске жетіп, әлем чемпионы атанды.
Қазыбектің әлем чемпионатындағы жолы:
Іріктеу — Себастьян Вагнер (Германия) — жеңіс
1/8 финал — Амрин Наттер (АҚШ) — 1:1, қосымша көрсеткіш бойынша жеңіс
Ширек финал — Мохамед Абдельрахим (Мысыр) — 4:1
Жартылай финал — Петро Житовоз (Мажарстан) — 7:5
Финал — Михаил Маркоуски (Беларусь) — 13:7
Спортшымызды және оның бапкерлерін тарихи жеңіспен шын жүректен құттықтаймыз!
Алғашқы жаттықтырушысы: Муқанбетжан Зарлықов.
Жеке бапкері: Нұртас Утепбергенов.
Айта кетейік, Қазыбек Қалмағамбетов — Ақтөбе облысы тарихында грек-рим күресінен U20 жас санатында әлем чемпионы атанған алғашқы спортшы.
Бұл — Ақтөбе спорты үшін тарихи жетістік!
Қазыбекке алдағы жарыстарда толағай табыс пен жаңа жеңістер тілейміз!
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe/press/news/details/1276232?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау