Аудан әкімінің Айыртау ауылына жұмыс сапары

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Бүгін күннің бірінші жартысында аудан әкімі Мейрам Мендыбаев Володар ауылдық округіне қарасты Айыртау ауылына жұмыс сапарымен барды.

Аудан әкімінің басты назарында абаттандыру, мемлекеттік-жекешелік әріптестік (МЖӘ) аясындағы жобаларды іске асыру және ауыл инфрақұрылымын дамыту мәселелері болды.

Айыртау ауылында қазіргі уақытта көше қоршауын орнату жұмыстары жүргізілуде. Жаңа қоршаудың ұзындығы 3 шақырымды құрайды. Оның 1,5 шақырымы бюджет қаражаты есебінен орнатылса, қалған 1,5 шақырымы жеке қаражат есебінен («Shalkar Grein» ЖШС) салынады. Шаруашылық директоры Қайрат Рахимжановпен әңгімелесу барысында аудан әкімі Айыртау ауылын абаттандыру, бизнестің елді мекенді дамытудағы әлеуметтік жауапкершілігін арттыру, жергілікті бастамаларды қолдау және ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасын жақсарту мәселелерін талқылады.

Одан кейін аудан әкімі жаңа ветеринариялық пункттің құрылыс барысын тексерді. Бұл нысан жергілікті мал шаруашылығымен айналысатындар үшін маңызды. Өйткені ол профилактикалық іс-шараларды уақтылы жүргізуге және ветеринариялық қызметтерді сапалы түрде жергілікті жерде көрсетуге мүмкіндік береді.

Санитарлық тазалық пен экология мәселелеріне де ерекше көңіл бөлінді. Аудан әкімі қатты тұрмыстық қалдықтар (ҚТҚ) полигонындағы қалдықтарды бурттау жұмыстарының барысымен танысты. Тексеру қорытындысы бойынша ауылдық округ әкімі Данияр Бестаевқа нақты тапсырмалар берілді: жер учаскесі мен ҚТҚ нысанын ресімдеуге қажетті құжаттарды дайындау, сондай-ақ полигон аумағын кейіннен қоршау үшін техникалық құжаттаманы әзірлеу.

Жергілікті тұрғындарды жол саласындағы оң өзгерістер де қуантады. Биыл Айыртау ауылында көшелерді асфальттау жұмыстары жалғастырылып, осы мақсатқа 60 млн теңге игерілді. Жұмыстарды «Мега строй инвест» ЖШС мердігер ұйымы атқарды. Сапалы жол төсемінен бөлек, жол қозғалысына қатысушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында жөнделген учаскелерге жол белгілері мен жолақтары орнатылып, мектеп маңына жол белгілері қойылды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sko-airtau/press/news/details/1275615?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version