АУЫЛ – БІЗДІҢ ОРТАҚ ҮЙІМІЗ!

Жарияланды:

Автор:

категорияда

АУЫЛ – БІЗДІҢ ОРТАҚ ҮЙІМІЗ!

Ауылдық округ әкімі ЖАЛҒАС ДҮЙСЕНҰЛЫ шалғай ауылдағы шаруа қожалықтарын аралады.
 
Ауылдық округ әкімі Ж. Дүйсен шалғай ауылдардағы шаруа қожалықтарын аралап, кәсіп иелерімен кездесіп, олардың тыныс-тіршілігімен және жұмыс барысымен танысты. Кездесу барысында мал шаруашылығының жай-күйі талқыланып, шаруалардың ұсыныс-пікірлері тыңдалып, көтерілген мәселелер назарға алынды.
 
Сонымен қатар, Ақтоғай ауылдық кітапханасының кітапханашысы Сапарбаева Жазира жылжымалы кітапхана қызметін ұйымдастырып, шалғай ауылдардағы отбасыларды аралады. Оқырмандарға жаңа кітаптарға шолу жасалып, түрлі жанрдағы әдебиеттер таныстырылды.
 
Іс-шара барысында балалардың жазғы демалысын тиімді ұйымдастыруға ерекше көңіл бөлініп, олардың кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру, бос уақытын пайдалы өткізудің маңыздылығы насихатталды. Балалар мен тұрғындар өздерінің қызығушылықтарына сай жаңа кітаптармен танысып, кітап оқуға шақырылды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl-sarysu-zhanaaryk/press/news/details/1275955?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version