Безгек — Anopheles тектес жұқтырған масалардың шағуы арқылы берілетін қауіпті паразиттік ауру. Ауру Африка, Оңтүстік және Оңтүстік-Шығыс Азия, Орталық және Оңтүстік Америка елдерінде кең таралған.
Инкубациялық кезең әдетте 7–30 күнді құрайды. Негізгі белгілері: дене қызуының жоғарылауы, қалтырау, қатты терлеу, бас ауруы, әлсіздік, бұлшықеттердің ауыруы, жүрек айнуы және құсу.
БЕЗГЕКТІҢ АЛДЫН АЛУ ЖӨНІНДЕГІ ҰСЫНЫСТАР
1. ЭПИДЕМИЯЛЫҚ ҚАУІПТІ ЕЛДЕРГЕ САПАР АЛДЫНДА:
• безгекке қарсы дәрі-дәрмектерді қабылдау қажеттілігі туралы дәрігермен кеңесіңіз;
• баратын елдегі эпидемиологиялық жағдай туралы ақпарат алыңыз.
2. МАСА ШАҒУЫНАН ҚОРҒАНЫҢЫЗ:
• репелленттерді (жәндіктерге қарсы құралдарды) қолданыңыз;
• жеңі ұзын киім және ұзын шалбар киіңіз;
• әсіресе түнгі уақытта масадан қорғайтын тордың астында ұйықтаңыз;
• терезелер мен есіктерге масадан қорғайтын тор орнатыңыз.
3. АЙНАЛА-ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ТАЗА ҰСТАҢЫЗ:
• тұрғын үйдің айналасында судың жиналып, тоқтап қалуына жол бермеңіз;
• қажет болған жағдайда маса дернәсілдерін жоюға арналған құралдарды пайдаланыңыз.
4. ЭПИДЕМИЯЛЫҚ ҚАУІПТІ АЙМАҚТА БОЛҒАН КЕЗДЕ:
• дәрігер тағайындаған жағдайда, безгекке қарсы дәрі-дәрмектерді қабылдау тәртібін қатаң сақтаңыз;
• аурудың алғашқы белгілері пайда болған кезде дереу медициналық көмекке жүгініңіз.
5. САПАРДАН ОРАЛҒАННАН КЕЙІН:
• сапардан оралғаннан кейін бірнеше апта ішінде дене қызуы көтерілсе, қалтырау, бас ауруы немесе басқа да белгілер пайда болса, дәрігерге жүгініңіз;
• медицина қызметкеріне безгек бойынша эпидемиологиялық қолайсыз елге барғаныңызды міндетті түрде хабарлаңыз.
Уақтылы жүргізілген профилактика — безгектен сенімді қорғаныс!
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/dsek-abay/press/news/details/1276062?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау