дәріс өткізілді

Жарияланды:

Автор:

категорияда

🔹«Заң мен Тәртіп» идеологиясын іске асыру аясында 2026 жылы 11–12 тамызда Қостанай облысы Әділет департаментінің басшысы Алия Аманжулова Мемлекеттік басқару академиясының филиалында жаңадан тағайындалған мемлекеттік мекемелер мен ұйымдардың басшылары алдында дәріс оқыды.
🔹Дәріс барысында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік басқарудың негізгі заңы – Конституциясына, сондай-ақ қолданыстағы заңнамаға енгізілген өзгерістерге қатысты өзекті мәселелер қаралды.
Әділет органдары қызметінің негізгі бағыттарына, мемлекеттік органдар мен ұйымдардың қызметінде заңнама талаптарының сақталуына ерекше назар аударылды.
🔹Сонымен қатар қатысушыларға мемлекеттік органдар мен ұйымдарда нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу мен ресімдеудің негізгі талаптары мен тәртібі, оның ішінде оларды қолданыстағы заңнамаға сәйкес әзірлеу және ресімдеу мәселелері түсіндірілді.
🔹Екі күнге жоспарланған дәріс жаңадан тағайындалған мемлекеттік мекемелер мен ұйымдардың басшыларының құқықтық сауаттылығын арттыруға және практикалық құзыреттерін жетілдіруге бағытталған.

Қостанай облысы
Әділет департаментінің
баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet-kst/press/news/details/1275848?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version