«Геморрагиялық қызбалар: эпидемиологиясы және клиникасы» тақырыбында семинар өткізілді

Жарияланды:

Автор:

категорияда

2026 жылғы 17 тамызда Астана қаласының санитариялық-карантиндік бақылау бөлімінің мамандары «Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайының» шаруашылық қызметкерлері арасында «Геморрагиялық қызбалар: эпидемиологиясы және клиникасы» тақырыбында семинар өткізді. Іс-шараның негізгі мақсаты – геморрагиялық қызбалардың эпидемиологиялық ерекшеліктері, негізгі клиникалық белгілері және алдын алу шаралары туралы қызметкерлердің хабардарлығын арттыру. Семинар барысында геморрагиялық қызбалардың эпидемиологиясы, таралу ерекшеліктері, инфекцияның берілу жолдары және эпидемиологиялық қауіп факторлары туралы ақпарат берілді. Сонымен қатар аурудың негізгі клиникалық белгілеріне, ауруды ерте анықтаудың және медициналық көмекке уақтылы жүгінудің маңыздылығына назар аударылды.
Қатысушыларға санитариялық-гигиеналық талаптарды сақтау, жеке қауіпсіздік шараларын орындау және инфекциялық ауруға күдік туындаған жағдайда тиісті мамандарға уақтылы хабарлау қажеттілігі түсіндірілді. Семинар соңында қатысушылардың сұрақтарына жауап беріліп, геморрагиялық қызбалардың алдын алу бойынша қосымша түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Іс-шара қызметкерлердің инфекциялық аурулар бойынша білім деңгейін арттыруға, инфекциялық ауруларға қатысты қырағылықты қалыптастыруға және санитариялық-эпидемиологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/departament-kkbtu-na-transporte/press/news/details/1275515?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version