Құрметті Түркістан қаласының тұрғындары!
«Оңтүстік Жарық Транзит» ЖШС-нің хабарламасына сәйкес, Кентау ЭЖ КС 35/10 кВ «Новая» қосалқы станциясында жоспарлы жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты бүгін, 17 тамыз күні сағат 11:00-ден 13:00-ге дейін электр қуаты уақытша өшіріледі.
Электр энергиясы уақытша өшірілетін аумақтар:
Түркістан қаласы, Яссы тұрғын алабы: Қарасай-батыр, Төлегенов, Қаратау, Есет-батыр, Көктонды, Жыланған-ата, Хантай, Жиделі, Абылайхан, Саурық-батыр, Айтуар-би, Тайманов, Байзақ, Жәнібеков, Алтынбеков, Тартоғай, Айнакол, Құмкөл, Ақтоған, Майлыкент, Аймаут, Самұрық, Жанакент көшелері және аталған аумақтағы бірқатар әлеуметтік нысандар.
Сондай-ақ электр қуаты №14, №24, №34 мектептеріне, №14 бөбекжай-бақшасына, Төлеу-батыр, Махамбет, Балдырған, Самғат балабақшаларына, «Версаль», «Тұран-монша», «Амина» клиникасына, Птицефабрикаға және өзге де мекемелерге уақытша берілмейді.
Электр энергиясының уақытша ажыратылуы жоспарлы жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты екенін назарларыңызға саламыз.
Тұрғындардан электр қуатына тәуелді құрылғыларды алдын ала ажыратып, қажетті қауіпсіздік шараларын сақтауды сұраймыз.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-kalasy/press/news/details/1275488?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау