Ұ.Сыздықбайұлы ауылында “Заң мен Тәртіп” жобасы аясында және аудан әкімі Сәкен Мамытовтың бекіткен жоспарына сәйкес балалардың жазғы демалысын тиімді өткізу және отбасы саясатын қолдау мақсатында Жаңаарық ауылдық округі әкімдігінің ұйымдастыруымен іс – шара өткізілді. Шараға қатысқан аудан әкімінің орынбасары Жұмат Сақыпбеков құттықтау сөз сөйлеп, “Заң мен Тәртіп” жобасын жан – жақты талдап, балалардың құқығын қорғау, оларға жазғы демалысын тиімді өткізудің маңызды тетіктеріне тоқталды. Сонымен қатар, отбасылық өмірдің қоғамға әсерін айтып, әр шаңыраққа бақыт тіледі.
Бірлікпен ұйымдастырылған кеш барысында балаларға тегін балмұздақ таратылып, аудан әкімінің орынбасары Жұмат Жұмабекұлы және ауылдық округ әкімі Жалғас Дүйсеннің демеуімен балалар тегін батутта ойнады. Сонымен қатар, балалар арасында эстафеталық жарыстар өткізіліп, жеңімпаздар мен жүлдегерлерге ұйымдастырушылар тарапынан естелік сыйлықтар тапсырылды
Жауап қалдыру Жауапты болдырмау