Ауылды абаттандыру — тек жаңа жолдар, балалар және спорт алаңдарын салу ғана емес. Бұл — күнделікті өмірді жайлы әрі қауіпсіз ететін қарапайым, бірақ маңызды дүниелер. Соның бірі — сапалы көше жарығы.
Бүгінде түнгі жарықтандырумен Родина, Ақжар, Ақмырза, Тасты, Рақымжан Қошқарбаев, Отаутүскен, Тастақ, Шалқар, Жарлыкөл, Оразақ, Бірлік, Нүресіл, М. Мәметова, Софиевка және Қызылсуат ауылдық округтерінің елді мекендері қамтылған.
Біреулер үшін көшедегі шам — көзге үйреншікті қарапайым нәрсе. Ал ауыл тұрғындары үшін бұл — жұмыстан кейін үйге алаңсыз қайту, баланы кешкі уақытта қауіпсіз шығарып салу, жарық көшеде еркін жүру және жақындары үшін алаңдамау мүмкіндігі.
Жарық көшелер — ең алдымен тыныштық пен қауіпсіздіктің белгісі. Бұл — балаларға деген қамқорлық, аға буынға деген құрмет және ауылда тұратын әрбір тұрғынға жасалған қолайлы жағдай.
Біз ауылдық елді мекендерді біртіндеп өзгертіп, оларды жайлы, көрікті әрі заманауи етуге күш салып келеміз. Ең бастысы — атқарылып жатқан жұмыстың нәтижесін тұрғындар күн сайын өз ауласынан, өз көшесінен, өз ауылынан көре алады.
Ауылдарымызда жыл сайын жарық, тазалық, жайлылық пен жақсы өзгерістер көбейе берсін!
Өйткені абаттандыру — айналадағы өзгеріс қана емес. Бұл — адамдардың жайлы өмірі мен өмір сапасын арттыру.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-selinograd/press/news/details/1276168?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау