Қала прокуратурасының үйлестіруімен уәкілетті органдармен бірлесіп, «Заң мен тәртіп» нарративін іске асыру шеңберінде Косшы қаласындағы қоғамдық мәдени-спорт кешенінің аумағында Халықаралық жастар күніне арналған «Jastar FEST» ашық аспан астындағы мерекелік кеші өткізілді.
Іс-шараға қала жастары, волонтерлер, белсенді жастар, жастар ұйымдарының өкілдері және қала тұрғындары қатысты.
Мерекелік кеш барысында концерттік бағдарлама, интерактивті іс-шаралар ұйымдастырылып, белсенді жастар, волонтерлер, мектеп президенттері және жастар бастамаларының өкілдері марапатталды.
Іс-шара барысында қоғамдық тәртіпті сақтау, құқық бұзушылықтардың алдын алу, жастардың құқықтық мәдениетін қалыптастыру және салауатты өмір салтын насихаттау мәселелеріне ерекше назар аударылды. Қатысушыларға заңды құрметтеудің, өз құқықтары мен міндеттерін білудің, сондай-ақ қоғамдық орындарда жауапкершілікпен әрекет етудің маңыздылығы түсіндірілді.
Іс-шара «Заң мен тәртіп» нарративі шеңберінде жастардың бастамаларын қолдауға, азаматтық белсенділікті арттыруға, салауатты әрі қауіпсіз өмір салтын насихаттауға және жастардың мазмұнды бос уақытын ұйымдастыруға бағытталды.
Ақмола облысының прокуратурасы
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuratura-akm-obl/press/news/details/1275665?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау