«Адал азамат» идеалдарына сәйкес мемлекеттік қызметшілердің кәсіби және тұлғалық қасиеттерін ілгерілету жөніндегі Жол картасының орындау мақсатында мемлекеттік қызметшілердің ар-намысы мен қадір-қасиетіне қатысты кемсітушіліктің және кез келген қол сұғушылықтың алдын алатын қолайлы моральдық-психологиялық ахуал қалыптастыруға бағытталған ақпараттық жұмыс жүргізілуде.
Мемлекеттік қызмет — Қазақстан Республикасы азаматтарының мемлекет функциялары мен міндеттерін іске асыруға бағытталған лауазымдық өкілеттіктерді жүзеге асыру жөніндегі кәсіби қызметі. Мемлекеттік қызметті атқару мемлекеттік қызметшілерге қазақстандық патриотизм, кәсібилік, клиентке бағдарлану, ашықтық, әдептілік және мінсіз бедел талаптарын, сондай-ақ құқық бұзушылықтар мен мүдделер қақтығысына төзбеушілікті жүктейді.
Бұл талаптар жұмыстың нәтижелерінен ғана емес, күнделікті мінез-құлықтан да көрінеді. Мемлекеттік қызметші кәсіби және бейтарап әрекет етуге, азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін сақтауға, олардың өтініштерін әдептілікпен қарауға және әр адамның қадір-қасиетін құрметтеуге тиіс.
Өз кезегінде, мемлекет өкілдерімен өзара іс-қимыл заң шеңберінде және жалпыға бірдей құрмет нормалары негізінде жүзеге асырылуы тиіс.
Қазақстан Республикасының заңнамасында мемлекеттік қызметшілерді құқыққа қайшы әрекеттерден, негізсіз айыптаулардан және олардың ар-намысы мен қадір-қасиетіне қол сұғушылықтардан қорғау кепілдіктері көзделген.
Сонымен қатар мемлекеттік қызмет қоғам мен мемлекет арасындағы өзара іс-қимылдың маңызды бөлігі болып табылатын сындарлы сынға ашықтықты көздейді. Бұл ретте мемлекеттік органдардың қызметіне қатысты сын олардың жұмысына бағытталып, кемсітушілікке, қорлауға немесе жеке тұлғаның қадір-қасиетін қорлауға ұласпауға тиіс.
«Адал азамат» қағидаттары — адалдық, кәсібилік, жауапкершілік және адамды құрметтеу — әдепті мемлекеттік қызметтің маңызды негізі болып табылады. Оларды сақтау өзара құрмет мәдениетін қалыптастыруға және мемлекет пен қоғам арасындағы сенімді нығайтуға ықпал етеді.
Қабышев Еркин Молдахметұлы –
Басшының орынбасары
Әділет департаменті
Ақмола облысы –
Әдеп жөніндегі уәкіл
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet-akm/press/news/details/1275846?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау