Прокуратура Степногорск қаласының жұмыскерлердің жалақысын уақтылы алу жөніндегі конституциялық құқықтарын қорғады

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Степногорск қаласының прокуратурасы еңбекақы төлеу саласындағы заңнаманың сақталуына талдау жүргізді.

Талдау барысында «Степногорск-Водоканал» ШЖҚ МКК-да 406 жұмыскерге жалпы сомасы 95 млн теңге көлемінде жалақы бойынша берешек қалыптасқаны анықталды.

Бұзылған құқықтарды қалпына келтіру мақсатында қала прокуратурасы әкімдікке прокурорлық қадағалау актісін енгізді.

Қабылданған шаралардың нәтижесінде берешек толық көлемде өтеліп, 406 жұмыскердің жалақыны уақтылы алу жөніндегі конституциялық құқықтары қалпына келтірілді.

Еңбек заңнамасының сақталуы Степногорск қаласының прокуратурасының тұрақты бақылауында.

Ақмола облысының прокуратурасы

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuratura-akm-obl/press/news/details/1275763?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version