Қарағанды облысындағы табиғи және далалық өрттер оқшауланды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Қарағанды облысында табиғи және далалық өрттерді жою жұмыстары жалғасып жатыр. Қазіргі уақытта барлық өрт ошақтары оқшауланды. Елді мекендерге қауіп жоқ. Жағдай бақылауда.

Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, Шет ауданындағы Үңірек ауылы маңындағы өртті сөндіру жұмыстарына әуе техникасы тартылған. 

ТЖМ-нің арнайы су төгетін құрылғымен жабдықталған «Қазавиақұтқару» тікұшағынан өрт ошақтарына 12 тонна су төгілді.

Өрт толық сөндірілгенге дейін жұмыстар жалғасады. Оған құтқарушылар, жергілікті атқарушы органдар мен орман шаруашылығының қызметкерлерінен құралған 120 адам жұмылдырылған. Сондай-ақ 30-дан астам техника тартылды.

«Ақтоғай, Қарқаралы және Шет аудандарындағы үш табиғи және үш далалық өрт бақылауда. Барлық ошақтар оқшауланды. Жекелеген аумақтарды сулау және бықсып жатқан ошақтарды жою жұмыстары жалғасып жатыр», – делінген ТЖД хабарламасында.

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda/press/news/details/1275840?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version