Қосшы қаласында Спорт күніне арналған іс-шара өтті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

 Қосшы қаласының прокуратурасы қала әкімдігімен бірлесіп 14 тамыз күні Спорт күніне орай мерекелік іс-шара өткізді.

Іс-шараға қаланың спорт саласының дамуына үлес қосып жүрген белгілі спортшылар, жаттықтырушылар, спорт клубтарының өкілдері мен спорт жанашырлары қатысты.

Олардың қатарында Қазақстан Республикасы бокс федерациясының вице-президенті, спорт қайраткері Болат Абдрахманов, бокстан әлем және Азия чемпионы, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген спорт шебері Мерей Ақшалов, армрестлингтен әлем рекордшысы, Азияның бірнеше дүркін чемпионы Тимур Спатаев және басқа да спортшылар болды.

Шара барысында мемлекеттік мекемелер арасында өткен спартакиаданың жеңімпаздары мен жүлдегерлері марапатталып, спорттық көрсетілімдер мен концерттік бағдарлама ұйымдастырылды.

Аталған іс-шара салауатты өмір салтын насихаттауға, бұқаралық спортты дамытуға, жастардың спортқа қызығушылығын арттыруға және қоғамда заңға құрмет пен жауапкершілік құндылықтарын қалыптастыруға бағытталды.

 Ақмола облысының прокуратурасы

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuratura-akm-obl/press/news/details/1275672?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version