«Қостанай-Су» МКК орталықтандырылған қалалық сумен жабдықтаудың желілерін жуу және дезинфекциялау бойынша жоспарлы жұмыстардың жүргізілетінін хабарлайды.
Іс-шаралар 2026 жылғы 18–21 тамыз аралығында өтеді және санитарлық-эпидемиологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге және ауыз судың сапасын жақсартуға бағытталған.
Тұрғындар үшін маңызды ақпарат
Гиперхлорлау кезінде төмендегі жағдайлар болуы мүмкін:
Сумен жабдықтау жүйесінде қысымның төмендеуі және су берудің қысқа мерзімді тоқтауы.
Хлордың тән иісінің пайда болуы.
Судың органолептикалық қасиеттерінің уақытша өзгеруі (түсі, лайлануы немесе дәмі).
Тұрғындарға ұсыныстар:
- Уақытша қысымның төмендеуі ықтималдығына орай ауыз су қорын жасап алуды ұсынамыз.
- Жұмыстарды жүргізу кезінде құбыр суын тек алдын ала тұндырып (кемінде 1–2 сағат) және міндетті түрде қайнатқаннан кейін ғана пайдаланыңыздар.
Анықтама үшін байланыс телефондары:
«Қостанай-Су» МКК апаттық-диспетчерлік қызметі: 8 (7142) 22-25-00.
Баспасөз қызметі: 8 (708) 841-60-74.
«Қостанай-Су» МКК әкімшілігі келтірілген уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім сұрайды және түсіністік танытқандарыңыз үшін алғыс білдіреді!
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-kalasy-akimat/press/news/details/1275776?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау