Салық төлеушінің дербес шотын беру: жағдайлары мен мерзімдері

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Салық төлеушінің (салық агентінің) дербес шотын беру, соның ішінде мемлекеттік кірістер органдары арасында, келесі жағдайларда жүзеге асырылады:

  1. Жеке тұлғаның тұрғылықты жерінің өзгеруі.
  2. Орналасқан жерінің өзгеруі:

– жеке кәсіпкердің;

– жеке практикамен айналысатын тұлғаның;

– заңды тұлғаның және оның құрылымдық бөлімшелерінің;

– Қазақстан Республикасында тұрақты мекеме арқылы қызметін жүзеге асыратын бейрезиденттің;

– тәуелді агенттің;

– салық агенті болып табылатын бейрезиденттің.

  1. Заңды тұлғаны қайта ұйымдастыру.
  2. Бейрезидент заңды тұлғаның тұрақты мекемелер тобы бойынша КТС төлеу және декларация тапсыру тәртібіне өтуі.
  3. Бюджетке салықтар мен басқа да міндетті төлемдердің қате төленуі.
  4. Заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесін есептік тіркеуден шығара отырып, дербес шотты заңды тұлғаға беру.

Беру мерзімі

Дербес шотты беру мерзімі мұндай беруге негіздер туындаған күннен бастап 10 жұмыс күнін құрайды.

Салық заңнамасы сұрақтары бойынша қосымша түсініктеме алу үшін тіркелген жеріңіз бойынша мемлекеттік кірістер органдарына хабарласуыңызға болады.

 

Павлодар облысы бойынша МКД түсіндіру жұмысы

және Байланыс-орталығы басқармасы

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-pavlodar/press/news/details/1276008?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version