Аудан прокуратурасына қызметкерлер жалақының төленбеуіне байланысты шағыммен жүгінді.
Еңбек заңнамасы талаптарының сақталуына жүргізілген талдау нәтижесінде елордадағы автокөлік орталықтарының бірінің қызметінде заң бұзушылықтар анықталды.
Анықталғандай, кәсіпорын 2026 жылдың басынан бері қызметкерлерге жалақыны уақтылы және толық көлемде төлеу жөніндегі міндеттемелерін орындамаған. Соның салдарынан 26 қызметкердің алдында жалақы бойынша берешек қалыптасқан.
Прокурорлық қадағалау актісі негізінде азаматтардың бұзылған еңбек құқықтарын қалпына келтіру жөнінде шаралар қабылданды. Нәтижесінде жалпы сомасы 14,9 млн теңгеден асатын жалақы бойынша берешек толық көлемде өтелді, кәсіпорын әкімшілік жауаптылыққа тартылды.
Азаматтардың еңбек құқықтарын қорғау прокуратура органдарының тұрақты бақылауында.
Астана қаласының прокуратурасы
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuratura-astana/press/news/details/1275640?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау