Сұраныстан цифрлық шешімге дейін: Шымкентте полицейлер ЖИ мен вайбкодингті меңгеруде

Жарияланды:

Автор:

категорияда

     Шымкентте полиция департаментінің басшылық және жеке құрамы үшін жасанды интеллект технологияларын қызметтік жұмыста қолдануға арналған екі күндік семинар-тренинг өтіп жатыр. Бүгін оқытудың алғашқы күні өтті.

     Іс-шара Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары – Жасанды интеллект және цифрлық даму министрінің тапсырмасы бойынша Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің Цифрлық үкіметті қолдау орталығының ұйымдастыруымен өткізілуде.

     Семинарды Цифрлық үкіметті қолдау орталығының бас директоры Әлия Оспанова мен Шымкент қаласы полиция департаментінің бастығы Мұхтар Қожаев ашты.

     Оқыту барысында тәжірибелік жұмыстарға басымдық берілді. Қызметкерлер автоматтандыруға болатын жұмыс процестерін анықтауды, жасанды интеллектке тапсырманы дұрыс қоюды, сондай-ақ бағдарламалау дағдыларынсыз вайбкодинг арқылы цифрлық құралдарды әзірлеп, сынақтан өткізуді үйренуде.

     Жаңа технологиялар ауқымды ақпаратты өңдеуге, құжаттарды жүйелеуге, анықтамалар, қорытындылар мен талдамалық материалдарды әзірлеуге кететін уақытты қысқартып, күнделікті қайталанатын жұмыстарды азайтуға мүмкіндік береді.

     Сонымен қатар ақпараттық қауіпсіздік мәселелеріне ерекше назар аударылуда. Қызметтік ақпаратпен жұмыс белгіленген талаптарды сақтай отырып, тек қорғалған ортада жүргізілуі тиіс.

     Семинар ІІМ мен Цифрлық үкіметті қолдау орталығы арасындағы ынтымақтастық аясында өткізіліп, ішкі істер органдары қызметкерлерінің жасанды интеллект саласындағы дағдыларын арттыруға бағытталған.

     Оқыту барысында меңгерген дағдыларды алдағы уақытта Шымкент қаласы полиция департаментінің жұмыс үдерістерінде қолдану жоспарлануда.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/qriim/press/news/details/1275545?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version