Тараз қаласында жол инфрақұрылымын жаңарту жұмыстары кезең-кезеңімен жүзеге асырылуда. Соның бірі – Төле би даңғылынан Қапал көшесіне дейінгі аралықтағы Қойгелді көшесін қайта жаңғырту жұмыстары.
Жобаны мердігер «Арайстрой-GROUP» ЖШС жүзеге асыруда. Жаңғыртылатын жолдың жалпы ұзындығы 3,2 шақырымды құрайды.
Жалпы, 2026 жылы Тараз қаласында 34,7 шақырымды құрайтын 42 көшеге орташа жөндеу жүргізу жоспарланған. Сонымен қатар, қаладағы бірқатар негізгі көшелерде қайта жаңарту және орташа жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Олардың қатарында Қойгелді, Рысбек батыр, Асқаров көшелері.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl-taraz/press/news/details/1276066?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау