«Таза Қазақстан» экологиялық бастамасы аясында Биокомбинат скверінде ауқымды тазалық жұмыстары жүргізілді. Ізгі іске 250-ден астам белсенді тұрғын қатысты.
Сенбілікке жергілікті тұрғындар, жастар, спортшылар, кәсіпкерлер мен еріктілер атсалысты. Бірлесе атқарылған жұмыстардың нәтижесінде сквер тазарып, абаттана түсті.
Іс-шара барысында 60 текше метр қоқыс жиналып, арнайы техника көмегімен шығарылды. Тазалық жұмыстарына 13 бірлік арнайы техника жұмылдырылды.
Ұйымдастырушылар демалыс күнін қоғамдық пайдалы іске арнаған барлық қатысушыларға алғыстарын білдірді.
Бірлескен еңбектің арқасында Биокомбинат сквері айтарлықтай тазарып, тұрғындардың демалып, серуендеуіне жайлы орынға айналды.
Осындай бастамалар туған қаламыздың тазалығы мен көркеюіне әрқайсымыздың үлес қоса алатынымызды көрсетеді💚
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty-almaly/press/news/details/1275731?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау