Түркістан облысында полицейлер мен жүргізушілер көліктен шыққан өртті дер кезінде ауыздықтады

Жарияланды:

Автор:

категорияда
 
Түркістан облысы патрульдік полиция батальонының қызметкерлері жол бойында өртенген автокөлікке дер кезінде көмек көрсетіп, өрттің таралуына жол бермеді. Шымкент – Самара бағытындағы республикалық маңызы бар автожолда қызмет атқарып жүрген Түркістан облысы патрульдік полиция батальонының қызметкерлері жол жиегінде тоқтаған “Volkswagen Golf” автокөлігінен түтін шығып, өрт басталғанын байқайды.
Полиция қызметкерлері Сералы Ілияс пен Талас Құрбан жағдайды дереу бағалап, көмек көрсетуге кірісті. Көлік ішінде жүргізуші әйел мен оның құрбысы болған. Алдын ала мәлімет бойынша, автокөліктің электр жүйесінде ақау туындап, соның салдарынан өрт шыққан. Тәртіп сақшылары арнайы өрт сөндіру құралдарын пайдаланып, жалынды қысқа уақыт ішінде ауыздықтады. Оларға жолда болған өзге жүргізушілер де көмек көрсетті.
Жедел әрі үйлесімді әрекеттің нәтижесінде өрттің автокөлікке және оның маңындағы аумаққа таралуына жол берілмеді. Оқиға қызметтік автокөліктің бейнетіркегішіне түсіп қалған. Ең бастысы, оқиға салдарынан ешкім зардап шеккен жоқ. Полицейлердің жедел әрекеті адам өміріне төнуі мүмкін қауіпті дер кезінде сейілтуге мүмкіндік берді.
Полиция жүргізушілерге автокөліктің техникалық жағдайын үнемі бақылап, электр жүйесі мен өзге де маңызды тораптарды уақтылы тексеруге кеңес береді. Қауіпсіздік талаптарын сақтау көлік өртінің алдын алып, адам өмірі мен денсаулығын қорғауға мүмкіндік береді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-turkistan/press/news/details/1276178?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version