🔹«Заң мен Тәртіп» идеологиясын іске асыру аясында 2026 жылы 17 тамызда Қостанай облысының Әділет департаментінің басшысы Аманжулова А.А. Қостанай облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің басшысы Хасанов Т.Т., Қостанай облысының нотариаттық қоғамдастығының өкілдері және Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігінің Қостанай облысы бойынша департаментімен бірлесіп, Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің алаңында жұмыс кеңесін өткізді.
Жұмыс кеңесінің тақырыбы: «Заңсыз микрокредиттік қызмет схемаларында нотариаттық әрекеттерді пайдаланудың алдын алу: проблемалар және оларды шешу жолдары».
🔷 Азаматтардың қаржылық міндеттемелеріне байланысты нотариаттық әрекеттерді заңсыз микрокредиттік қызмет схемаларында пайдаланудың алдын алудың өзекті мәселелері, сондай-ақ нотариаттық әрекеттер жасау кезінде туындайтын негізгі тәуекелдер мен проблемалық мәселелер қаралды.
🔷 Қостанай облысының аумағында заңсыз микрокредиттік қызметті жүзеге асыруға байланысты қылмыстық істерге талдау жүргізілді. Анықталған схемалар мен құқыққа қайшы әрекеттерді жасау тәсілдері, сондай-ақ олардың алдын алу және жолын кесу кезінде мемлекеттік органдар мен нотариаттық қоғамдастықтың өзара іс-қимыл мәселелері қаралды.
🔷 Нотариустардың құқықтық сауаттылығын арттыру, профилактикалық жұмысты күшейту және нотариаттық әрекеттер жасау кезінде заңнама талаптарының тиісінше сақталуын қамтамасыз ету мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Қостанай облысы
Әділет департаментінің
Баспасөз қызметі
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet-kst/press/news/details/1275884?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау