№1 МЕКЕМЕДЕ СЕРГЕЙ ЦЫРУЛЬНИКОВПЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ
Ақмола облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің №1 мекемесіне Қазақстан Республикасының Ізгілік елшісі, «Құрмет» және «Достық» ордендерінің кавалері, Гиннестің рекордтар кітабына енген бірнеше дүркін әлемдік рекордсмен, Туризм және спорт министрлігінің ресми амбассадоры Сергей Валерьевич Цырульников арнайы келді.
Визит аясында сотталғандармен мотивациялық кездесу өткізілді. Іс-шараның негізгі мақсаты – сотталғандар арасында оң өмірлік ұстанымды қалыптастыру, өзін-өзі тәртіпке келтіруге, еңбекқорлыққа, алға қойған мақсаттарына заңды жолмен қол жеткізуге деген ынтасын арттыру.
Кездесу барысында Сергей Цырульников өзінің спорттағы жетістіктері мен өмірлік тәжірибесі туралы айтып, күнделікті өз-өзіңмен жұмыс істеудің, қиындықтарды еңсерудің және қабылдаған шешімдерің үшін жауапкершілік алудың маңыздылығына тоқталды.
Сондай-ақ ол жоғары нәтижеге жету үшін табандылық, тәртіп, еңбекқорлық және үнемі дамуға ұмтылу қажет екенін атап өтті.
Кездесуге қатысушылар қонаққа спорт, дене шынықтыру, мінез-құлықтың беріктігі және өмірлік қиындықтарды еңсеру тақырыптары бойынша өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, тұшымды жауаптар алды.
Іс-шара барысында дене шынықтыру мен салауатты өмір салтын насихаттауға да ерекше көңіл бөлінді. Осындай кездесулер сотталғандар үшін тәрбиелік тұрғыдан маңызды, өйткені олар табысты адамның өмірлік тәжірибесі арқылы өз өмір салтын өзгертуге және оң нәтижелерге қол жеткізуге болатынын түсінуге мүмкіндік береді.
«Әр адамның өз өмірін өзгертуге мүмкіндігі бар. Ең бастысы – алдына мақсат қойып, тәртіпті болу және күн сайын өзіңмен жұмыс істеу. Адам қол қусырып отырмай, алға ұмтылып, ешқашан берілмесе, ең қиын жағдайлардың өзін еңсеруге болады», – деді Сергей Цырульников.
Мұндай мотивациялық және спорттық-ағартушылық іс-шаралар сотталғандармен жүргізілетін тәрбие жұмысының маңызды бағыттарының бірі болып табылады. Олар сотталғандардың түзелуге деген ынтасын арттыруға, өміріне және болашағына жауапкершілікпен қарауын қалыптастыруға, сондай-ақ бостандыққа шыққаннан кейін қоғамға табысты бейімделуіне ықпал етеді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/duisaqmola/press/news/details/1276891?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау