Жаңа оқу жылы қарсаңында Әуезов ауданында тұрғындарға мемлекеттік қызметтер бойынша кеңес беруге бағытталған Қызмет алушылар күні өтті.
Іс-шара Әуезов ауданы әкімі аппараты мен ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаментінің бірлесуімен ұйымдастырылды.
Іс-шара барысында тұрғындардан түскен сауалдардың басым бөлігі білім беру саласына қатысты болды. Атап айтқанда, мектепке қабылдау, бір білім беру ұйымынан екіншісіне ауыстыру, білім беру саласындағы мемлекеттік қызметтерді алу және жаңа оқу жылына дайындық мәселелері бойынша түсіндірмелер берілді.
Сонымен қатар тұрғындар жұмыспен қамту және әлеуметтік қолдау, мемлекеттік кірістер, денсаулық сақтау, қорғаныс істері, санитариялық-эпидемиологиялық бақылау және басқа да бағыттар бойынша профильді мамандардан кеңес алды.
Мұндай формат тұрғындарға бірнеше мекемеге бармай-ақ, қажетті мамандармен тікелей кездесіп, өз сұрақтарына нақты жауап алуға мүмкіндік береді.
Әуезов ауданында мемлекеттік қызметтердің қолжетімділігін арттыру және тұрғындармен тікелей кері байланысты нығайту бағытындағы жұмыстар жалғасады.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty-auezov/press/news/details/1276980?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау