Ақмола облысында педагогтердің тамыз конференциясы аясында секциялық отырыстар өтті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Бүгін Ақмола облысы педагог қызметкерлерінің тамыз конференциясы аясында мектепке дейінгі, жалпы орта және техникалық және кәсіптік білім беру жүйесінің педагогтеріне арналған секциялық отырыстар өтті.

Тақырыбы: «ЖАҢА ХАЛЫҚТЫҚ КОНСТИТУЦИЯНЫҢ НОРМАЛАРЫ МЕН ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫ: АДАМИ КАПИТАЛДЫ ДАМЫТУ – БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНІҢ СТРАТЕГИЯЛЫҚ НЕГІЗІ».

Секциялық отырыстарға офлайн және онлайн форматта облыстың 4 мыңға жуық педагогі қатысты.

Секциялық отырыстар барысында «Педагогтердің кәсіби құзыреттілігін арттырудағы конституциялық құндылықтар», «Адал азамат: құндылықтар, инновациялар, тәжірибе», «Бастауыш мектеп – конституциялық құндылықтарды, функционалдық сауаттылықты қалыптастырудың және әр баланың табысты болуына негіз» және басқа да тақырыптар қарастырылды.

Педагогтердің практикалық жұмысының аспектілеріне ерекше назар аударылды. Қатысушылар заманауи тәсілдерді талқылап, тәжірибе алмасып қана қоймай, шеберлік сабақтарына, интерактивті диалогтарға және демонстрациялық таныстырылымдарға қатысты.

Секциялық отырыстар тамыз конференциясының маңызды бөлігіне айналып, білім берудің әртүрлі деңгейлеріндегі педагогтерді адами капиталды одан әрі дамыту және сапалы, заманауи әрі құндылыққа бағдарланған білім беру жүйесін қалыптастыру жолындағы ортақ мақсат төңірегіне біріктірді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-edu/press/news/details/1276855?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version