Ақтауда ауқымды санитарлық тазалық жұмыстары жүргізілді

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Ақтау қаласында «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында қала аумағында санитарлық тазалық жұмыстары жүргізілді.

Атап айтқанда, қала әкімдігінің мердігер ұйымы – «Ақтау сервис құрылыс» ЖШС 39-шағын ауданда ауқымды тазалық жұмыстарын ұйымдастырды.

Іс-шараға 50 коммуналдық қызметкер жұмылдырылып, 2 арнайы техника тартылды. Жұмыс барысында аумақ тазартылып, нәтижесінде 5 тоннаға жуық қоқыс шығарылды.

Санитарлық тазалық жұмыстары қала аумағын абаттандыру, қоршаған ортаның тазалығын сақтау және тұрғындарға қолайлы жағдай жасау мақсатында бекітілген кестеге сәйкес күнделікті жалғасатын болады.

Ақтау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akimat-goroda-aktau/press/news/details/1276746?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version