Жаңа оқу жылы қарсаңында қала аумағында жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету және балалардың қауіпсіздігін сақтау мақсатында білім беру ұйымдарына іргелес аумақтарда тиісті жұмыстар жүргізілуде.
Атап айтқанда, мектептер мен балабақшалар маңындағы жаяу жүргіншілер өткелдерінің жол таңбалары жаңартылып, жолақтар сызылуда. Сонымен қатар жол қозғалысын ұйымдастыруға қажетті жол белгілерінің талаптарға сәйкестігі қамтамасыз етілуде.
Аталған жұмыстардың негізгі мақсаты – білім беру ұйымдары орналасқан аумақтарда жол қозғалысы қауіпсіздігін арттыру, жаяу жүргіншілерге, әсіресе балаларға, жолды қауіпсіз кесіп өтуге қолайлы жағдай жасау.
Жол қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған жұмыстар кезең-кезеңімен жүзеге асырылып, қаладағы білім беру ұйымдарына іргелес аумақтарды қамту жалғасуда.
Осыған байланысты жүргізушілерді мектептер мен балабақшалар маңында көлік құралдарын басқару кезінде барынша сақ болуға, белгіленген жылдамдық режимін қатаң сақтауға және жаяу жүргіншілерге жол беруге шақырамыз.
Сонымен қатар ата-аналарға балаларға жол қозғалысы ережелерін сақтау, жолдан қауіпсіз өту және жол бойында сақтық таныту қажеттігін үнемі түсіндіріп отыру ұсынылады.
Ақтау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akimat-goroda-aktau/press/news/details/1276716?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау