«Ашық есік күні» – азаматтардың еңбек құқықтарын білуіне, өз құқықтарын қорғау тетіктерін түсінуіне және жұмыс берушілер мен жұмыскерлер арасында заң талаптарына негізделген еңбек қатынастарын қалыптастыруға бағытталған маңызды алаң.
Үстіміздегі жылдың 19 тамыз күні Түркістан облысы әкімі аппаратының басшысымен бекітілген «Жергілікті атқарушы органдар мен орталық мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімшелері басшыларының 2026 жылғы ІІІ тоқсанға арналған азаматтарды қабылдау кестесіне» сәйкес Департаменттің ұйымдастыруымен кезекті «Ашық есік күні» іс-шарасы өткізілді.
Азаматтардың еңбек құқықтық сауаттылығын арттыру және еңбек заңнамасы талаптарын түсіндіруге негізделген қабылдау барысында Департамент басшысы мен мемлекеттік еңбек инспекторлары Түркістан облысына қарасты аудан, қалалардан келген азаматтарды жеке қабылдап, еңбек заңнамасына сәйкес түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Сонымен қатар, азаматтар еңбек шартын жасасу және бұзу, жалақы төлеу, еңбек демалысын беру, еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау, жұмыс уақыты мен тынығу уақыты, сондай-ақ еңбек дауларын шешу тәртібі бойынша өздерін толғандырған сұрақтарын қойды.
Департамент мамандары әрбір азаматтың өтінішіне жеке тоқталып, еңбек заңнамасының талаптарына сәйкес түсіндірмелер мен қажетті құқықтық кеңестер берді. Заңнамада көзделген тәртіппен шешуді талап ететін мәселелер бақылауға алынып, тиісті түсіндірулер ұсынылды.
Есте сақтаңыз: Еңбек құқықтарыңызды білу – оларды тиімді қорғаудың алғашқы қадамы!
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkistan-enbek/press/news/details/1276794?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау