Астанада өткен қалалық Тамыз кеңесі аясында білім беру саласына елеулі үлес қосқан елордалық педагогтер марапатталды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова «Ыбырай Алтынсарин» медалін 7 педагогке табыстады:
• Қасым Қайсенов атындағы №27 мектеп-лицейінің директоры, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Меруерт Абуова;
• №28 мектеп-лицейінің тарих пәнінің мұғалімі Замзагүл Ахметова;
• Төлеген Айбергенов атындағы №16 мектеп директорының бейіндік оқыту жөніндегі орынбасары, информатика пәнінің мұғалімі Жанар Егеубаева;
• «Астана дарыны» орталығының бөлім басшысы Роза Есімхан;
• Смағұл Сәдуақасұлы атындағы №78 мектеп-гимназиясы директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Ания Жанәбілова;
• Мұстафа Шоқай атындағы №51 мектеп-гимназиясының математика пәнінің мұғалімі Өрік Ибраева;
• №22 мектеп-гимназиясының директоры, ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Салтанат Тоғатаева.
«Білім беру саласының үздігі» төсбелгісімен 6 педагог марапатталды:
• Нәзір Төреқұлов атындағы №35 мектеп-лицейінің математика пәнінің мұғалімі Зауреш Әділбекова;
• Әлихан Бөкейхан атындағы №76 мектеп-лицейі директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, тарих пәнінің мұғалімі Айназ Әжіқабылова;
• Кәрім Мыңбаев атындағы №59 мектеп-лицейі директорының оқу жұмысы жөніндегі орынбасары Анар Апакова;
• №5 гимназиясының орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Ақбала Атанова;
• Темірбек Жүргенов атындағы №70 мектеп-лицейінің математика пәнінің мұғалімі Ләззат Балтабаева;
• Ақжан Әл-Машани атындағы №92 мектеп-лицейінің директоры, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Оразкүл Жолдасбекова.
Ал «Еңбек ардагері» медалімен:
• №19 жалпы білім беретін мектебінің биология пәнінің мұғалімі Алмагүл Абенова;
• Ахмет Байтұрсынұлы атындағы BINOM SCHOOL мектеп-лицейінің орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Қарлығаш Қайранбаева;
• Роза Бағланова атындағы №2 балалар музыка мектебінің домбыра сыныбының оқытушысы Күләш Керейбаева;
• Ахмет Байтұрсынұлы атындағы №48 мектеп-лицейінің музыка пәнінің мұғалімі Жанат Кируова марапатталды.
Сонымен қатар 2026 жылғы «Үздік ұйым» гранты табысталды. «Орта білім беретін үздік ұйым» гранты №8 мектеп-лицейіне, ал «Техникалық және кәсіптік білім беретін үздік ұйым» гранты Қоғамдық тамақтандыру және сервис колледжіне берілді.
Марапаттар елордалық педагогтердің кәсіби шеберлігі мен білім беру саласын дамытуға қосқан үлесінің жоғары бағаланғанын көрсетеді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana/press/news/details/1276954?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау