АУДАН ӘКІМІ АУДАННЫҢ БЕЛСЕНДІ ЖАСТАРЫН ҚАБЫЛДАДЫ

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Аудан әкімі А.Жақсылықов ауданның белсенді жастарымен кездесіп, жастардың бастамалары мен ұсыныстарына құлақ түрді.

Кездесу барысында жастар арасындағы өзекті мәселелер, олардың қоғамдық өмірге белсенді араласуы, жаңа бастамаларды қолдау және жастар үшін қолайлы орта қалыптастыру бағыттары талқыланды. Аудан әкімі жастардың ел болашағын қалыптастырудағы рөліне тоқталып, белсенді азаматтық ұстаным мен жауапкершіліктің маңызын атап өтті.

Сонымен қатар, Халықаралық жастар күніне орай өңір басшысының Алғыс хаттары ауданның белсенді жастарына табысталды.

Жастарға қолдау көрсету – ауданның жарқын болашағына салынған инвестиция. Бастамашыл, білімді әрі белсенді жастардың әрбір ұсынысы мен идеясы маңызды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-temir/press/news/details/1276728?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version