Аудандық бөлімдер, қызметтер мен ведомстволардың басшыларының қатысуымен аппараттық кеңес өтті.

Жарияланды:

Автор:

категорияда

18 тамыз 2026 жылғы Сандықтау ауданының әкімі Серік Құдабай аудандық бөлімдер, қызметтер мен ведомстволардың басшыларының қатысуымен аппараттық кеңес өткізді.
Кеңес барысында әлеуметтік сала нысандары мен тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық объектілерін алдағы жылыту маусымына дайындау, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Құрылтайы депутаттарының сайлауына дайындық мәселелері қаралды.
Кеңес қорытындысы бойынша басшыларға жылу желілерін гидравликалық сынақтан өткізу жұмыстарын жеделдету, нысандардың жылыту маусымына дайындығын қамтамасыз ету және жеткізілетін көмірдің сапасына бақылауды күшейту тапсырылды.
Сондай-ақ елді мекендерде бейнебақылау камераларын орнату, автомобиль жолдарын қиыршық таспен төсеу және грейдерлеу жұмыстарын жүргізу бойынша тапсырмалар берілді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-sandyktau/press/news/details/1276502?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version