2026 жылғы 12 тамызда Маңғыстау облысының дәріхана ұйымдары өкілдерінің қатысуымен дәрілік заттарды өткізу талаптарын сақтау мәселелері бойынша түсіндіру кеңесі өткізілді.
Кеңес барысында Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2023 жылғы 26 маусымдағы №120 бұйрығымен бекітілген «Адам өмірі мен денсаулығына зиянды әсерін тигізетін күшті әсер ететін заттардың тізбесіне» сәйкес, құрамында есірткі, психотроптық және күшті әсер ететін заттар бар дәрілік заттарды рецепт бойынша босату талаптары түсіндірілді.
Сонымен қатар, келесі мәселелер қаралды:
Қатысушыларға дәріхана ұйымдарында тиісті дәріханалық практика (GPP) стандарттарын сақтаудың маңыздылығы туралы түсіндірме берілді.
Түсіндіру кеңесінің негізгі мақсаты – дәріхана ұйымдарының қызметкерлеріне дәрілік заттарды босату кезінде заңнама талаптарын сақтау қажеттілігін жеткізу және құқық бұзушылықтардың алдын алу.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/dkmfk-mangistau/press/news/details/1276785?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау