Егін жинау науқаны – 2026: ауыл шаруашылығы еңбеккерлерінің жұмысы және маусымның нәтижесі

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Парыгино ауылдық округінде егін жинау науқаны жалғасуда. “Саша” шаруа қожалығы 1997 жылдан бастап ауыл шаруашылығымен айналысады, өз қызметін 2001 жылдан бастап ресми түрде жүргізіп келеді.
Олар өз қызметін небәрі 100 гектардан бастап, ал бүгінде шаруашылық 1090,2 гектар ауылшаруашылық жерлерін өңдеуде. Бұл кәсіби өсудің артында көп жылдар бойғы қажырлы еңбек, жинақталған тәжірибе және ең бастысы бүкіл ұжымның үйлесімді жұмысы жатыр.
Қазір “Саша” ШҚ қызметкерлері үшін жылдың ең қарбалас және жауапты кезеңдерінің бірі келді. Сұлы жинау аяқталды, бидайдың 35%-ы жиналды. Бидай жинау аяқталғаннан кейін фермерлер рапсқа кіріседі.
Шаруашылықтың тұрақты жұмысының негізі – оның қызметкерлерінің адал еңбегі. Ұжым өз міндеттеріне жауапкершілікпен қарап, үйлесімді жұмыс істейді және егін жинау науқаны кезінде жалпы нәтижеге жету үшін бар күш-жігерін салады.
Алғашқы 100 гектардан бүгінгі 1090,2 гектарға дейінгі кқрсеткіш – бұл өз ісіне және туған жеріне берілген адамдардың бүкіл тобының еңбегінің нәтижесі.
Егін жинау науқаны жалғасуда. “Саша” ШҚ ұжымына қолайлы ауа-райын, техниканың үздіксіз жұмысын және лайықты өнім алуды тілейміз!

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-altai/press/news/details/1276244?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version