«Фармацевтикалық қызметке лицензия беру» мемлекеттік қызметін Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің аумақтық департаменттері «электрондық үкімет» веб-порталы және «Е-лицензиялау» ақпараттық жүйесі арқылы электрондық нысанда көрсетеді.
Мемлекеттік қызмет көрсету:
- Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2022 жылғы 16 мамырдағы № ҚР ДСМ-45 «Фармацевтикалық қызмет саласында мемлекеттік қызметтер көрсетудің кейбір мәселелері туралы» бұйрығына;
- Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 22 қазандағы № ҚР ДСМ-148/2020 «Медициналық және фармацевтикалық қызметке қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы» бұйрығына (бұдан әрі – Біліктілік талаптары);
- Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 7 шілдедегі № ҚР ДСМ-58 «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы саласындағы объектілерге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына сәйкес жүзеге асырылады.
Лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны алу үшін өтініш беруші «Е-лицензиялау» ақпараттық жүйесі арқылы электрондық нысанда өтініш беруі қажет.
Өтініш беруші Қазақстан Республикасының фармацевтикалық қызмет саласындағы заңнамасында белгіленген біліктілік талаптарына сәйкестігін растайтын мәліметтер мен құжаттарды ұсынады.
Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі:
- лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беру кезінде – өтініш тіркелген сәттен бастап 15 (он бес) жұмыс күні;
- лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу кезінде – өтініш тіркелген сәттен бастап 3 (үш) жұмыс күні.
Көрсетілетін қызметті беруші құжаттар тіркелген сәттен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың және (немесе) мәліметтердің толықтығын тексереді. Ұсынылған құжаттардың және (немесе) мәліметтердің толық еместігі және (немесе) қолданылу мерзімі өткен құжаттардың бар екендігі анықталған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» портал арқылы көрсетілетін қызметті беруші басшысының ЭЦҚ-сымен қол қойылған электрондық құжат нысанында өтінішті одан әрі қараудан уәжді бас тартуды еркін нысанда жібереді.
Көрсетілетін қызметті алушының нормативтік құқықтық актілерде белгіленген талаптарға сәйкестігі тұрғысынан мемлекеттік органдардың келісімдерін алу үшін көрсетілетін қызметті беруші рұқсатты және (немесе) оған қосымшаны алуға арналған құжаттар тіркелген сәттен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті алушының алдағы қызметті немесе әрекетті (операцияны) жүзеге асыратын жері бойынша тиісті мемлекеттік органдарға сұрау салу жібереді.
Эпидемиялық маңызы жоғары объектілерге лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беру үшін көрсетілетін қызметті беруші тиісті аумақтардағы халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік орган ведомствосының аумақтық бөлімшелеріне келісу үшін сұрау салу жібереді.
Мемлекеттік органдар көрсетілетін қызметті берушінің сұрау салуы негізінде 10 (он) жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті алушының лицензиялау немесе рұқсат беру рәсімдерін жүзеге асыру кезінде қойылатын талаптарға сәйкестігі немесе сәйкес еместігі туралы жауап жібереді.
Лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беру кезінде көрсетілетін қызметті беруші 13 (он үш) жұмыс күні ішінде өтініш пен мәліметтерді Біліктілік талаптарына сәйкестігі немесе сәйкес еместігі тұрғысынан қарайды және Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 141-бабы 3-тармағының он бірінші бөлігінің 1) тармақшасына сәйкес рұқсаттық бақылау жүргізеді, оның нәтижелері бойынша өтініш берушінің біліктілік немесе рұқсат беру талаптарына сәйкестігі немесе сәйкес еместігі туралы шешім қабылданады.
Көрсетілетін қызметті алушы біліктілік талаптарына сәйкес келген жағдайда көрсетілетін қызметті беруші лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны ресімдейді және береді.
Фармацевтикалық қызметпен айналысу құқығына лицензия бергені үшін 10 айлық есептік көрсеткіш (АЕК) мөлшерінде лицензиялық алым алынады.
Лицензияны қайта ресімдегені үшін лицензия берген кезде белгіленген мөлшерлеменің 10 %-ы мөлшерінде алым алынады.
Өтініш беруші Біліктілік талаптарына сәйкес келуі тиіс.
Фармацевтикалық қызметтің мәлімделген кіші түріне байланысты мыналар бағаланады:
- үй-жайдың немесе ғимараттың заңды негізде болуы;
- өндірістік базаның санитариялық-эпидемиологиялық талаптарға сәйкестігі;
- қажетті жабдықтардың, жиһаздың, мүкәммалдың және өзге де құралдардың болуы;
- тиісті фармацевтикалық білімі бар мамандардың болуы;
- қызметкерлердің біліктілігі мен жұмыс өтілінің белгіленген талаптарға сәйкестігі;
- белгіленген біліктілік талаптарына сәйкестігін растайтын құжаттар мен мәліметтердің болуы.
Атап айтқанда, дәріхана қоймасының қызметін жүзеге асыру үшін басшының жоғары фармацевтикалық білімі және мамандығы бойынша кемінде үш жыл жұмыс өтілі болуы қажет.
Фармацевтикалық қызмет жүзеге асырылатын объектілер Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 7 шілдедегі № ҚР ДСМ-58 бұйрығымен белгіленген санитариялық-эпидемиологиялық талаптарға сәйкес келуі тиіс.
Талаптар, оның ішінде:
- объектіні орналастыруға және жайластыруға;
- үй-жайлардың құрамы мен алаңдарына;
- үй-жайлардың ішкі әрленуіне;
- сумен жабдықтауға және кәрізге;
- жарықтандыруға, желдетуге және микроклиматқа;
- үй-жайларды жабдықтауға және күтіп-ұстауға;
- дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сақтау жағдайларына;
- қызметкерлерді санитариялық-тұрмыстық қамтамасыз етуге қолданылады.
Мемлекеттік қызмет электрондық нысанда көрсетіледі, ал оның нәтижесі өтініш берушінің «Е-лицензиялау» ақпараттық жүйесіндегі «жеке кабинетіне» жіберіледі.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/dkmfk-almaty-oblast/press/news/details/1276587?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау