Жамбыл ауданы Төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері «ҚазТрансГаз Аймақ» мамандарымен бірлесіп, аудан тұрғындары арасында газ жабдықтарын қауіпсіз пайдалану және газдан уланудың алдын алу бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Кездесу барысында тұрғындарға газ қондырғыларын пайдалану кезінде қауіпсіздік талаптарын сақтау, үй-жайларды үнемі желдету және газ жабдықтарының жарамдылығын бақылау қажеттігі түсіндірілді. Сонымен қатар, мамандар газдың иісі сезілген жағдайда, сондай-ақ бас айналу, жүрек айну және әлсіздік сияқты белгілер байқалған кезде қандай әрекет жасау керектігін айтып, қауіптің алдын алу бойынша маңызды кеңестер берді. Тұрғындарға газды пайдалану кезінде қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтау қажеттігі ескертілді.
Жамбыл облысы ТЖД
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer-zhambyl/press/news/details/1276815?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау