Мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін тағайындау

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Мемлекеттік базалық зейнетақы төлемі Қазақстан Республикасы азаматтарын зейнетақымен қамсыздандырудың құрамдас бөлігі болып табылады.

Қазақстан Республикасы Әлеуметтік кодексінің 205-бабына сәйкес мемлекеттік базалық зейнетақы төлемі белгіленген зейнеткерлік жасқа толған адамдарға, сондай-ақ заңнамада көзделген жекелеген санаттағы адамдарға беріледі.

Мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің мөлшері зейнетақы жүйесіне қатысу өтіліне байланысты айқындалады.

2026 жылғы 1 қаңтардан бастап зейнетақы жүйесіне қатысу өтілі 10 жыл және одан аз болған немесе ол болмаған кезде мемлекеттік базалық зейнетақы төлемі ең төменгі күнкөріс деңгейінің (ЕТКД) 70 пайызы мөлшерінде белгіленеді.

Зейнетақы жүйесіне қатысу өтілінің 10 жылдан асатын әрбір толық жылы үшін төлем мөлшері ЕТКД-нің 2 пайызына ұлғайтылады.

Бұл ретте мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің мөлшері тиісті қаржы жылына белгіленген ең төменгі күнкөріс деңгейінің 118 пайызынан аспауға тиіс.

Тағайындалған мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің мөлшері ең төменгі күнкөріс деңгейінің өзгеруіне сәйкес жыл сайын қайта есептеледі.

Базалық зейнетақы төлемінің мөлшерін айқындау кезінде заңнамада көзделген зейнетақы жүйесіне қатысу өтілі есепке алынады. Оған:
* 1998 жылғы 1 қаңтарға дейінгі еңбек өтілі;
* міндетті зейнетақы жарналары және (немесе) жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары төленген кезеңдер;
* заңнамада көзделген еңбек, кәсіпкерлік және өзге де қызметтің жекелеген кезеңдері;
* жас балаларға, сондай-ақ 18 жасқа толғанға дейін мүгедектігі бар балаға күтім жасау кезеңдері;
* жекеленген санаттағы адамдарға күтім жасау кезеңі;

Қазақстан Республикасы Әлеуметтік кодексінің 206-бабы 2-тармағында көзделген өзге де кезеңдер жатады.
Осылайша, базалық зейнетақы төлемінің мөлшерін айқындау кезінде тек еңбек қызметі мен зейнетақы жарналарын төлеу кезеңі ғана емес, заңнамада көзделген әлеуметтік маңызы бар кезеңдер де есепке алынады.

Зейнетақы жүйесіне қатысу кезеңдері туралы мәліметтер ақпараттық жүйелердің деректерімен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген құжаттармен расталады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek-aktobe/press/news/details/1276690?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version