«Назар аударыңыз, балалар!» іс-шарасы аясында профилактикалық жұмыстар жүргізілуде

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Балалардың жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету және жол-көлік оқиғаларының алдын алу мақсатында «Назар аударыңыз, балалар!» профилактикалық іс-шарасы аясында Маңғыстау ауданында тиісті жұмыстар жүргізілуде.

Іс-шара барысында Маңғыстау ауданы полиция бөлімінің полиция капитаны Ғ. Досан қоғамдық көліктердің техникалық жағдайын тексеріп, автобустардың жолаушыларды тасымалдауға қойылатын талаптарға сәйкестігіне назар аударды.

Сонымен қатар, қоғамдық көлік жүргізушілерімен жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтау, белгіленген жылдамдық режимін бұзбау және балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Полиция қызметкерлері ата-аналар мен жүргізушілерді жол қауіпсіздігі талаптарын сақтауға, балаларға барынша мұқият болуға және олардың өмірі мен денсаулығына жауапкершілікпен қарауға шақырады.

Балалардың қауіпсіздігі – баршаға ортақ жауапкершілік.

https://www.instagram.com/reel/DcN_nSNO_rV/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-mangystau/press/news/details/1276782?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version