Ағымдағы жылдың 19 тамызында басқарма басшысының тапсырмасына сәйкес, басқарма басшысының орынбасары
Е. Абдуллаев облыстық жинақтау пунктінің жағдайын зерделеді.
Іс-шара барысында жинақтау пунктінің жалпы жағдайы, әскерге шақырылушылардың орналасуы мен тамақтануына арналған орындар, медициналық комиссия мамандарының кабинеттері, сондай-ақ өзге де инфрақұрылым нысандары қаралды.
Зерделеудің негізгі мақсаты – алдағы әскерге шақыру науқанын сапалы ұйымдастыруға дайындық деңгейін бағалау, әскерге шақырылушыларға қажетті жағдайлардың жасалуын және нысанның белгіленген талаптарға сәйкестігін анықтау.
Қорытынды бойынша басқарма басшысының орынбасары алдағы күзгі мерзімді әскери қызметке шақыру науқанына сапалы дайындық жүргізудің, жинақтау пунктінің үздіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз етудің және әскерге шақырылушылар үшін тиісті жағдай жасаудың маңыздылығын атап өтті.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl-mobtraining/press/news/details/1276963?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау