Бүгінде қалада Гематология орталығының құрылыс-монтаж жұмыстары 99 пайызға орындалды. Сонымен қатар аумақты абаттандыру жұмыстары аяқталып, медициналық жабдықтарды жеткізу және монтаждау жұмыстары жүргізілуде.
Сол жағалаудағы Көкжал Барақ көшесінде орналасқан орталық жалпы ауданы 38 мың шаршы метрден асатын үш ғимараттан тұрады. Негізгі корпус 148 орынға есептелген, ал пансионатта тағы 24 орын бар.
Жобаның жалпы құны – 84,3 млрд теңгені. Құрылыс басталғаннан бері 71,3 млрд теңге игерілді. Нысанды толық аяқтау үшін тағы 13 млрд теңге қажет. Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі қажетті қаражатты бөлуге жәрдем көрсету туралы ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасарына хат жолдады.
Жабдықтардың жалпы құны – 41,6 млрд теңге, оның 36,2 млрд теңгесі медициналық жабдықтарға тиесілі.
Бүгінде нысанға жалпы құны 26,6 млрд теңгенің құрал-жабдықтары жеткізілді.
Құрылысты осы жылдың қыркүйек айында аяқтау жоспарланып отыр. Қалған технологиялық жабдықтарды тамыз айында жеткізу күтілуде.
(Мәтін мен фотосуреттерді пайдаланғанда ШҚО әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасау міндетті).
Фотосурет: Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің ресми ақпараттық ресурсы
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akimvko/press/news/details/1276634?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау