Астанада тұрғындарға сайлау учаскесінің мекенжайын алдын ала білуге көмектесетін «Өз учаскеңді тап!» атты ауқымды челлендж басталды. Акция #ӨзУчаскеңдіТап бірыңғай хэштегімен өтеді, деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты.
Челленджге елорда тұрғындары, оның ішінде қала жастары да белсенді түрде қатысуда.
Қатысушылар Instagram мен TikTok әлеуметтік желілерінде бейнероликтер жариялап, сайлау учаскесін табудың ыңғайлы жолдары туралы айтады.
Айта кетейік, 2026 жылғы 23 тамызда Құрылтай депутаттарының сайлауы өтеді.
Астана тұрғындары өздерінің сайлау учаскесінің мекенжайын бірнеше тәсіл арқылы біле алады:
• sailau.astana.kz сайты арқылы;
• @sailau_astana_bot Telegram-боты арқылы;
• iKomek бірыңғай байланыс орталығының 109 нөміріне қоңырау шалу арқылы.
Сайлаушылар тізімге тіркелген мекенжайы бойынша енгізіледі.
Челленджге кез келген адам қатыса алады. Ол үшін өз сайлау учаскеңізді тауып, қысқа бейнеролик түсіріп, оны #ӨзУчаскеңдіТап хэштегімен әлеуметтік желіге жариялау қажет.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana/press/news/details/1276487?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау