Олимпиадалық даярлау орталығында дзюдодан ауқымды халықаралық оқу-жаттығу жиыны өтті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Тамыз айында Алматы қаласынан 19 шақырым жерде орналасқан Алматы облысындағы Олимпиадалық даярлау орталығында дзюдодан ауқымды халықаралық оқу-жаттығу жиыны өтті.

Орталық 40 гектар аумақта орналасқан және 9 спорттық ғимараттан тұрады. Мұнда 23 олимпиадалық спорт түрі бойынша бір мезетте 2300 спортшыға дейін жаттығуға мүмкіндік бар. Бұл – Қазақстанда алғаш рет ұйымдастырылған маңызды халықаралық спорттық шаралардың бірі. Біздің ұлттық құрама үшін бұл – шетелге шықпай-ақ, әлемнің мықты спортшыларымен бірге дайындалып, тәжірибе жинауға үлкен мүмкіндік. Сонымен қатар, осындай халықаралық жиындарды елімізде өткізу бюджет қаражатын тиімді пайдалануға мүмкіндік береді.

Жиынға 30 елден 700-ден астам спортшы, оның ішінде Олимпиада және әлем чемпиондары қатысты. Мұндай ауқымды халықаралық шаралар спорттық туризмнің дамуына да оң ықпал етеді.

Біздің мақсатымыз – осындай халықаралық оқу-жаттығу жиындарын тұрақты өткізіп, Қазақстанның спорттық базаларын әлемнің жетекші құрамалары үшін толыққанды дайындық орталығына айналдыру.

Бұл халықаралық ынтымақтастықты нығайтып, қазақстандық дзюдоның одан әрі дамуына және жоғары нәтижелерге қол жеткізуге жаңа мүмкіндік береді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sport/press/news/details/1276991?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version