Павлодар облысы макроэкономикалық көрсеткіштердің өсу қарқыны бойынша елдегі үздік төрт өңірдің қатарына кірді.

Жарияланды:

Автор:

категорияда

7 айдың қорытындысы бойынша облыстың қысқа мерзімді экономикалық индикаторы 109,8%-ды құрады. Бұл республикалық көрсеткіштен 4,9%-ға жоғары. Өнеркәсіп өндірісінің көлемі 2,5 трлн теңгеге жетіп, НКИ 107,1%-ды құрады. Өңдеу өнеркәсібінде өсім 10,7%-ды құрады.Негізгі капиталға салынған инвестициялар 646 млрд теңгеден асты (НКИ – 111,9%). Ауыл шаруашылығы 4,6%-ға өсіп, 145,1 млрд теңгеге жетті. Құрылыс жұмыстарының көлемі 234,9 млрд теңгені құрап, 32%-ға артты. 179 мың ш.м. астам тұрғын үй пайдалануға берілді.
Ішкі сауда көлемі 25,4%-ға өсті – 1,305 трлн теңге. Көлік қызметтері 6,1%-ға артты. Жыл басынан бергі инфляция 4,7%-ды құрады және республикалық көрсеткіштен 5,7%-ға төмен.

Облыс бюджеті 99,9%-ға орындалды: 354,3 млрд теңге игерілді. Бюджетке түсімдер 285,1 млрд теңгені құрап, бір жыл ішінде 21,9%-ға өсті.

Облыс әкімі Асайын Байханов экономикалық көрсеткіштерге тұрақты мониторинг жүргізуді және төмендеу тәуекелі бар көрсеткіштер бойынша тиісті шаралар қабылдауды тапсырды.

Тамыз айында да оң динамиканың сақталуы болжануда.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/pavlodar-uiir/press/news/details/1276221?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version