ҚАЛА ӘКІМІНІҢ КЕЗЕКТІ ЖЕКЕ ҚАБЫЛДАУЫ ӨТТІ
Жоспарға сәйкес, қала әкімі Ғабит Сыздықбеков тұрғындарды жеке мәселелері бойынша қабылдады. Қабылдауға келген Әл-Фараби ауданының тұрғындары өздерін толғандырған бірқатар мәселелерді көтерді.
Кездесу барысында балалар ойын алаңдарын жөндеу, коммуналдық мәселе, жарық, аяқжол салу, кәріз жүйесі, әлеуметтік көмек көрсету секілді маңызды мәселелер талқыланды.
Әрбір өтініш назарға алынып, жауапты сала басшыларына тиісті тапсырмалар берілді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/shymkent-al-farabi/press/news/details/1276931?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау