Маңғыстау ауданында қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында «Құқықтық тәртіп» жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында кешенді жұмыстар жүргізілуде.
Іс-шара барысында Маңғыстау ауданы полиция бөлімінің қызметкерлері қоғамдық орындарда патрульдік жұмыстарды күшейтіп, азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, құқық бұзушылықтардың жолын кесуге және олардың алдын алуға бағытталған профилактикалық шараларды жүзеге асыруда.
Полиция қызметкерлері тұрғындармен түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, қоғамдық тәртіпті сақтау, заң талаптарын орындау және құқық бұзушылықтарға жол бермеу қажеттігін ескертуде.
Сонымен қатар, профилактикалық есепте тұрған азаматтармен жеке жұмыстар жүргізіліп, әкімшілік құқық бұзушылықтардың алдын алуға ерекше назар аударылуда.
Құқықтық тәртіпті сақтау – ортақ міндет. Полиция азаматтарды заң талаптарын сақтауға және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге белсенді атсалысуға шақырады.
https://www.instagram.com/reel/DcOBpynuooc/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-mangystau/press/news/details/1276774?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау